Қырғызстан басшылығы АҚШ-тан қару сатып алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығаруда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан басшылығы АҚШ-тан қару сатып алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығаруда

Қырғызстан басшылығы АҚШ-тан қару сатып алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығаруда

Бішкек. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан басшылығы АҚШ-тан 20 млн долларға қару сатып алынғаны туралы таяуда БАҚ-тарда жария етілген ақпаратты жоққа шығаруда. Бұл туралы республиканың үкімет басшысы Игорь Чудинов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан бір тиынға да қару-жарақ сатып алған жоқ», -деп мәлімдеді И. Чудинов парламенттегі коммунистер сауалына берген жауабында.

«Еліміз расында да АҚШ-тан 20 млн астам доллардың әскери-техникалық көмегін алған, бірақ ешбір қару сатып алынған жоқ деп жауапкершілікпен мәлімдей аламын», — деді Қырғызстан премьер-министрі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ-тың Washington ProFile интернет-ресурсы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өткен жылғы елдің шетелдерге сатқан қару-жарағына байланысты есепті жария еткен. Соған сәйкес Қырғызстан 20 млн долларға электроника мен артиллериялық жүйелерді сатып алып, осындай сауда көлемімен Орталық Азия елдерінің арасынан бірінші орынға шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар