"Қырғызстан бір тиынға да қару-жарақ сатып алған жоқ", -деп мәлімдеді И. Чудинов парламенттегі коммунистер сауалына берген жауабында.
"Еліміз расында да АҚШ-тан 20 млн астам доллардың әскери-техникалық көмегін алған, бірақ ешбір қару сатып алынған жоқ деп жауапкершілікпен мәлімдей аламын", - деді Қырғызстан премьер-министрі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ-тың Washington ProFile интернет-ресурсы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өткен жылғы елдің шетелдерге сатқан қару-жарағына байланысты есепті жария еткен. Соған сәйкес Қырғызстан 20 млн долларға электроника мен артиллериялық жүйелерді сатып алып, осындай сауда көлемімен Орталық Азия елдерінің арасынан бірінші орынға шықты.