«Біз ислам қағидалары мен ислам қаржыландыру қағидалары бойынша шығарылатын бағалы қағаздар бойынгша сақтандыру ұйымдастыру үшін ислам банкінің өкілдерін Қырғызстанға шақырамыз, сондай-ақ Бішкекте ислам қаржы қызметі орталығын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», — деп Қырғызстанның бірінші вице-премьері Омірбек Бабанов бүгін Астанада Дүниежүзілік экономикалық форумда мәлімдеді.
«Қырғыз Республикасында банк ісі мен қаржыландыруды дамыту экономикалық қатынастарды жетілдіруге және қаржыландырудың бәсекеге қабілетті жүйесін дамытуға ықпал ететін шара ретінде қарастырамыз», — дейді ол.
О.Бабанов 2009 жылы «Ұлттық банк және банктік қызмет туралы» заңға Қырғызстанда ислам банкингін дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған өзгерістер күшіне енгенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр