Жарияланды: 550

Қырғызстан: былтырғы сәуірдегі оқиғаға қатысты сот отырысы төбелеске ұласты!

Қырғызстанда былтырғы сәуірдегі оқиғаға қатысты сот отырысы қып-қызыл төбелеске ұласты! Қанды қырғын кезінде қаза тапқандардың туыстары жауапқа тартылып жатқандарға тарпа бас салды.

Жең тартысып, жаға жыртысқандарды тәртіп сақшылары әзер дегенде сабасына түсірді. Жұрт айыпталушылардың жазасын үй қамауына ауыстыру туралы 60 депутаттың ұсынысына осылайша наразылықтарын білдіріп отыр. Сот ісі  алты ай бұрын басталған болатын. Жәбірленушілердің саны - 300. Ал жауапқа тартылғандардың барлығы“Альфа” арнайы жасағының сарбаздары. Ұзын-ырғасы 28 адамға айып тағылған. Араларындабұрынғы Қорғаныс министрі және мемлекеттік күзет қызметі бастығының екі орынбасары бар. Ал экс-президент Құрманбек Бакиев пен оның екі ұлы және бауырлары әлі халықаралық іздеуде жүр.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін