«ЕАЭО — әлемдегі ең ірі және тез дамып келе жатқан одақтың бірі. Оның экономикалық қызметінің дамуы және әлемдік саудамен тереңірек интеграциялануы ЕЭК-тен зор қажыр-қайрат пен батыл қадамдар талап етеді. Қырғызстан тарапы ЕАЭО-ның халықаралық аренада ықпалы артуы үшін бар күшін салуға әзір», — деді Темір Сариев.
Осы мақсаттарда Қырғызстан ЕАЭО қағидаттары мен жетістіктеріне нұқсан келтірмеу жағын ескере отырып, одаққа мүше елдер арасында тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайтуға тырысып жатыр, — деп атап өтті ол.
Үкімет басшысы Қырғызстанның ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі атанғаннан кейін ішкі шекарада бақылауды алып тастағанын, бұның республикадан басқа одаққа мүше елдерге тауар тасымалдауда бірқатар қиындықтар тудырғанын, алайда бұл мәселелердің басым бөлігі техникалық сипатта екенін қоса айтты.