Қырғызстан ЕАЭО-ға ауылшаруашылық кооперациясын қалыптастыруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан ЕАЭО-ға ауылшаруашылық кооперациясын қалыптастыруды ұсынды

Қырғызстан ЕАЭО-ға ауылшаруашылық кооперациясын қалыптастыруды ұсынды

Қырғызстан ЕАЭО елдеріне ветеринарлық, фитосанитарлық талаптар мен үшінші деңгейлі елдерден келетін өнімдерге стандарттар қоюды есепке ала отырып, тығыз жұмыс жасайтын ауылшаруашылық кооперациясын қалыптастыруды ұсынды. Бұл туралы Гроднода өткен (Беларусь) Еуразиялық үкіметаралық кеңесте Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев айтты, деп хабарлайды БЕЛТА.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 524
Фото - Caravan.kz

«ЕАЭО — әлемдегі ең ірі және тез дамып келе жатқан одақтың бірі. Оның экономикалық қызметінің дамуы және әлемдік саудамен тереңірек интеграциялануы ЕЭК-тен зор қажыр-қайрат пен батыл қадамдар талап етеді. Қырғызстан тарапы ЕАЭО-ның халықаралық аренада ықпалы артуы үшін бар күшін салуға әзір», — деді Темір Сариев.

Осы мақсаттарда Қырғызстан ЕАЭО қағидаттары мен жетістіктеріне нұқсан келтірмеу жағын ескере отырып, одаққа мүше елдер арасында тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайтуға тырысып жатыр, — деп атап өтті ол.

Үкімет басшысы Қырғызстанның ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі атанғаннан кейін ішкі шекарада бақылауды алып тастағанын, бұның республикадан басқа одаққа мүше елдерге тауар тасымалдауда бірқатар қиындықтар тудырғанын, алайда бұл мәселелердің басым бөлігі техникалық сипатта екенін қоса айтты.


Соңғы жаңалықтар