KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы экология және төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің экология және табиғи қорды пайдалану департаментінен хабарлағанындай, бұйрық 2004-жылдың 20-маусымыанн бастап күшіне енеді. Мұндай құжатқа Ыстықкөл облысына Қазақстан Республикасынан келетін туристер санын арттыру мақсатымен қол қойылып отыр.
Осы бұйрық бойынша республика экологтарына Қырғызстан Республикасы ІІМ-нің мемлекеттік автоинспекциясы басқармасымен және Қырғызстан қаржы министрлігінің жанындағы мемлекеттік кеден инспекциясымен бірлесе отырып автокөліктерден шығатын газдар құрамындағы зиянды заттар мөлшерін бақылау тетіктерін дәйектеу тапсырылды.
Тұрақты экологиялық бекеттер Қырғызстан Республикасы үкіметінің қаулысымен 1998-жылдың қыркүйек айынан бастап іске кіріскен. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша, республика көлеміндегі 20 экологиялық бекет 5 млн. сом мөлшерінде (114 мың $) пайда тапқан.