ҚР ІІМ қызмет бабындағы қылмыспен күрес бас басқармасына компанияның тауар көлемі мен тапқан табыс мөлшері ресми есепте анағұрлым төмендетіліп көрсетілгендігі туралы мәлімет түскен. ІІМ баспасөз-қызметінің таратқан хабарламасында, «нақты табыс жасырын қалып, мемлекеттік бюджетке тиісті салық төленбейді», – деп көрсетілген.
Тергеу шаралары барысында 2004-2006 жылдар аралығында ескерілмей қалған есептік құжаттардың көшірмесі, 12 заңды тұлға мөрі, ақпарат сақталған – дискеталар мен компьютерлік процессорлар, 1 млн. сом ақша табылған.
Сондай-ақ, баспасөз-қызметі тексеру жұмыстары жүргізілген кезде ҚР ІІМ қызметкерлері тарапынан дөрекілікке жол берілмегенін хабарлайды.
ҚР ІІМ баспасөз-қызметі бұл хабарламаны, «Денгиз-Ойл» компаниясының басшылары құқықорғау органдары қызметкерлерін офиске заңсыз баса-көктеп кіріп, 1 млн. сом ($30 мың) тәркіледі, – деп айыптап баспасөз-маслихатын өткізгеннен кейін таратқан.
Осыған дейін хабарланғандай, «Денгиз-Ойл» Қырғызстанда үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Республика аймағында 55 жанармай бекеті бар. Мекемедегі қазақстан инвесторларының еншісі 95% құрайды. «Дениз Ойл» тұтынушылары мемлекеттік резиденция №1,2, ҚР президенті ісін басқару автокөлік бірлестігі, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, Шегара қызметі және басқада мемлекеттік құрылымдар мен мекемелер.