Жарияланды: 380

Қырғызстан халықаралық комиссия төрағасына елге кіруге тыйым салды

Бейсенбі күні Қырғызстан Жоғарғы кеңесі өз отырысында республиканың оңтүстігінде болған оқиғаларды тергеу жөніндегі халықаралық тәуелсіз комиссия төрағасы Киммо Кильюненге Қырғызстан аумағына кіруге тиым салатын қаулы қабылдады.

Жоғарғы кеңестің қаулысында халықаралық тәуелсіз комиссияның есебі Қырғызстаның ішкі заңнамасында да, халықаралық құқық жүйесінде де заңдық күші жоқ құжат деп мойындалды. Онымен қоса, этникаралық шиеленісті тергеу жөніндегі есеп: «Шынайы емес, біржақты, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, жаңа шиеленісті ескертуге, Қырғыз Республикасының барлық тұрғындары үшін бейбіт болашақтың дамуына себепші бола алмайтын, керісінше өшпенділікті оятып, Қырғыз Республикасы ұлттық қауіпсіздігіне жаңа қауіп төндіретін» құжат ретінде мойындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть