Қырғызстан халықаралық комиссия төрағасына елге кіруге тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан халықаралық комиссия төрағасына елге кіруге тыйым салды

Қырғызстан халықаралық комиссия төрағасына елге кіруге тыйым салды

Бейсенбі күні Қырғызстан Жоғарғы кеңесі өз отырысында республиканың оңтүстігінде болған оқиғаларды тергеу жөніндегі халықаралық тәуелсіз комиссия төрағасы Киммо Кильюненге Қырғызстан аумағына кіруге тиым салатын қаулы қабылдады.

  • 27 Мамыр 2011
  • 361
Фото - Caravan.kz

Жоғарғы кеңестің қаулысында халықаралық тәуелсіз комиссияның есебі Қырғызстаның ішкі заңнамасында да, халықаралық құқық жүйесінде де заңдық күші жоқ құжат деп мойындалды.

Онымен қоса, этникаралық шиеленісті тергеу жөніндегі есеп: «Шынайы емес, біржақты, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, жаңа шиеленісті ескертуге, Қырғыз Республикасының барлық тұрғындары үшін бейбіт болашақтың дамуына себепші бола алмайтын, керісінше өшпенділікті оятып, Қырғыз Республикасы ұлттық қауіпсіздігіне жаңа қауіп төндіретін» құжат ретінде мойындалды.

Соңғы жаңалықтар