«Американың әскери қызметкерлері жасаған көптеген қылмыстар (жаяу жүргіншілерді қағып кету, Қырғызстан азаматы Александр Ивановты өлтіру), ауыл шаруашылық алқаптары мен елді мекендерге жанармай төгу — бұл Қырғызстанға АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық әкеліп отырған «пайданың» бір бөлігі ғана», — деп атап көрсеткен коммунистер.
«Біздің жерімізде қару-жарақтың тау болып үйіліп жатуына, біздің жерімізден үшінші мемлекеттерге қатер төніп отырғанына жол бермеуіміз керек», — деп есептейді Қырғызстан коммунистерінің фракциясы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті