2010 жылдың жазындағы референдумнан кейін Қырғызстан конституциясының түпнұсқасы үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды. Бұл туралы республика президенті аппаратының басшысы Фарид Ниязов мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Ниязовтың сөзіне қарағанда, елде конституцияның екі жобасы болған. Алғашқысын Уақытша үкімет бекіткен. Ол 2010 жылы 19 мамырда референдумға өзгеріс енгізілді және «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды. Екінші құжатты да Уақытша үкімет бекіткен. Ол 2010 жылы 26 мамырда аталған газетте жарияланды. Референдумнан кейін жарияланғандықтан, ал заң ресми жарияланымнан кейін заңды күшіне енгендіктен, конституцияның түпнұсқа мәтіні «Эркин-Тоо» газетінде.
Президент аппаратының басшысы атап өткендей, 2010 жылы конституцияның қабылданған мәтініне (әр бетіне) құрастырушылардың бірі, Уақытша үкімет хатшылығының өкілі қол қоюы тиіс еді. Алайда қол қойылмаған.
«Сондықтан түпнұсқа бар, алайда газет түрінде, ел осы алты жыл сол бойынша өмір сүріп келеді», — деді ол.
Еске сала кетейік, 2016 жылы 19 қазанда Жогорку Кенеші отырысында Қырғызстан конституциясының түпнұсқасы қайда екенін ешкім білмейтіні мәлім болды.
Кейін «Ата Мекен» фракциясының депутаты Алмамбет Шыкмаматов биліктің барлық тармақтарының: президент, парламент, үкіметтің заңдылығы мәселесін көтерді.