Қырғызстан мен Ресейдің арнайы қызметтері есірткі тасымалдау арнасын жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан мен Ресейдің арнайы қызметтері есірткі тасымалдау арнасын жойды

Қырғызстан мен Ресейдің арнайы қызметтері есірткі тасымалдау арнасын жойды

Қырғызстан мен Ресейдің арнайы қызметтері Ауғанстаннан Ресейге есірткі тасымалдау арнасын жойды, деп хабарлайды ҚырТАГ агенттігі.

  • 2 Маусым 2011
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Қырғыз Республикасының есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметі (ЕБМҚ) Ресейдің құзырлы органдарымен бірлесіп ауғанстандық есірткі заттарының ірі партияларын тасымалдау арналарын жою бойынша арнайы операциялар жүргізді. Есірткі контрабандасының арналары Қырғыз Республикасының аумағы арқылы өткен. Арнайы шаралардың нәтижесінде 32 кг гашиш тәркіленді», — делінген ЕБМҚ бейсенбі күні таратылған ақпаратында.

«РФ есірткіні бақылау жөніндегі федералды қызметімен (ЕБФҚ) келісілген бірлескен шаралардың нәтижесінде 2011 жылдың 28 мамырында Екатеринбург қаласында Свердлов облысының аумағында шығу тегі ауғандық есірткінің ірі партияларын жеткізумен және сатумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. ҰҚТ лидерінен жалпы салмағы 20 кг гашиш салынған 29 брикеті бар полимер қап табылып, тәркіленді. ЕБФҚ мамандары есірткінің құнын 6 млн-ға бағалап отыр», — делінген ақпаратта.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар