Қырғызстан мен Тәжікстан 2014 жылдан бастап электр қуатын Пакистанға экспорттайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан мен Тәжікстан 2014 жылдан бастап электр қуатын Пакистанға экспорттайтын болады

Қырғызстан мен Тәжікстан 2014 жылдан бастап электр қуатын Пакистанға экспорттайтын болады

Бішкек. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Дүйсенбі, 4 тамыз күні Пакистан астанасы Исламабад қаласында Пакистан, Ауғанстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің арасында "Орта Азия - Оңтүстік Азия" электр тасымалының желісінің жобасын жасап шығару және электр энергетикасының Орта Азия және Оңтүстік Азия нарықтарын әрі қарай дамыту бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Associated Press of Pakistan" (APP) ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 8 Тамыз 2008
  • 471
Фото - Caravan.kz

Келісім Пакистанға Ауғанстан арқылы Тәжікстан мен Қырғызстаннан ток тасымалдау үшін электр энергетикалық желісін құруды көздейді. Құжатқа сәйкес, Орта Азияның екі республикасынан — Қырғызстан мен Тәжікстаннан 1300 МВт электр қуаты жіберіледі. Оның 1000 МВт-ы Пакистанға, ал 300 МВт-ы Ауғанстанға арналған.

Жоғары кернеулі электр тасымалы желісі Қырғызстаннан Тәжікстанға дейін 477 шақырымды, Тәжікстан — Кабул — Пакистан бағыты 750 шақырымды құрайды деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар