Келісім Пакистанға Ауғанстан арқылы Тәжікстан мен Қырғызстаннан ток тасымалдау үшін электр энергетикалық желісін құруды көздейді. Құжатқа сәйкес, Орта Азияның екі республикасынан - Қырғызстан мен Тәжікстаннан 1300 МВт электр қуаты жіберіледі. Оның 1000 МВт-ы Пакистанға, ал 300 МВт-ы Ауғанстанға арналған.
Жоғары кернеулі электр тасымалы желісі Қырғызстаннан Тәжікстанға дейін 477 шақырымды, Тәжікстан - Кабул - Пакистан бағыты 750 шақырымды құрайды деп жоспарланып отыр.