Қырғызстан милициясы екі бөлек митингіге қатысушыларды да қоршауды күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан милициясы екі бөлек митингіге қатысушыларды да қоршауды күшейтті

Қырғызстан милициясы екі бөлек митингіге қатысушыларды да қоршауды күшейтті

БІШКЕК. 7-қараша. Kazakhstan Today. Қырғызстанда құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері екі бөлек митингіге қатысушыларды да қоршауды күшейтіп, тараптарды келісімге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі оқиға орнынан.

  • 7 Қараша 2006
  • 311
Фото - Caravan.kz

Милиция президентті қолдаушылар мен оппозицияның митингісіне қатысушыларды екі жаққа ығыстырып шығарды.

Құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері митингіге қатысушы жақтар арасында жуырда болған жаңжал кезінде көзден жас ағызатын газ бен шу шығаратын гранаталарды пайдалануға мәжбүр болды. Шараға қатысушылардың біраз бөлігі тобыр кері шегінген кезде түзілген қыспақтан зардап шекті.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Мұрат Суталинов тәртіпсіздіктерді оппозиция бастады деп айыптап үлгерді.

Бішкектің орталығындағы ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Дүкендер мен сауда орталықтары жабылған. Алаңға екі бронетранспортер жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта