Омбудсменнің айтуынша, оны мұндай қадамға республика өңірлеріне жуырда жасап қайтқан сапарлары итермелген. Бакир уулу Тұрсынбайға республиканың оңтүстік өңірлерінің тұрғындары қолдау көрсетуге уәде берген.
Омбудсмен сайлау алдындағы науқанға «Адам құқығы мемлекет құқығынан жоғары тұруы тиіс» деген ұранды ту етіп алды. Қырғызстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілінің айтуынша, Қырғызстан халқы ел ішіндегі бейберекетсіздіктен шаршады, адамдар бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайды.
Бакир уулу Тұрсынбай 2000-жылғы президент сайлауына да үміткер ретінде қатысқан.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауы 2005-жылдың 10- шілдесіне белгіленді. Республика саясаттанушыларының пікірінше, мемлекет басшысының лауазымынан дәмесі барлардың саны 30-дан асуы мүмкін.