Қырғызстан: өрт сөндіру қызметі көмекке келуге қауқарсыз - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан: өрт сөндіру қызметі  көмекке келуге қауқарсыз

Қырғызстан: өрт сөндіру қызметі көмекке келуге қауқарсыз

Қырғызстанның өрт сөндіру қызметі апат болған жағдайда ешкімге көмекке келе алмайтын болды! Соңғы  үш айдың өзінде   елде тілсіз жау 35 адамның өмірін жалмаған. Оқыс оқиғалардың  адам өлімімен аяқталып жатқанына көп жағдайда өрт сөндіру қызметінің дер кезінде әрекет ете алмауы себеп. Мұны мамандардың өздері де мойындап отыр. Себебі: көнерген көліктер жарты жолда сынып қалады екен. Ал техниканы жаңалауға қырғыз бюджетінде қаражат жоқ.

  • 24 Маусым 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

Тілсіз жау жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен  үйдің дымын қалдырмапты. Иелерінің өзі әрең дегенде  аман қалған.  Қазір денесінің біраз бөлігін күйік шалған отағасы ауруханада жатыр. 

Ольга Алексеева, Бішкек қаласының тұрғыны:  

Немере інім жүгіріп кірді, «үйім өртеніп жатыр деп. Өрт сөндірушілер жеткенше,бәрі жанып кетті. Олартеледидардың ішіндегі сым тұтанғандеп, тек өрттің шығу себептерін анықтаумен шектеліп отыр.

Өрт сөндірушілердің кешігіп келулерінің себебі бар:  жарты жолда көліктері бұзылып қалған. Мұндай жағдай Бішкектің өртпен күресу қызметінде жиі боп тұрады. Өйткені олар әлі күнге өткен ғасырдың 80-ші жылдары шығарылған ескі-құсқы көліктермен амалдап жүр.


Союзбек Акматов, Қырғыз Республикасы ТЖМ
Өртке қарсы агенттігінің директоры:

— Біз мініп жүрген көліктерге қосалқы бөлшектер де шығарылмайды. Сондықтан мүмкіндігімізше өзіміз жөндейміз. Көліктеріміздің көретін жері қалмаған.

Өрт сөндірушілердің арнайы киімдері де бүтін емес, су атқылайтын шлангтардың да ауыстырылмағанына талай жылдың жүзі болыпты. Ал қаладағы гидранттардың көбі әлдеқашан жұмыс істеуден қалған. Бұның бәрін жөнге келтіру үшін кемі 50 млн доллар қажет екен. Мұндай қаржы ел бюджетінде жоқ.

Соңғы жаңалықтар