Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевпен келіссөздер жүргізе бастамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевпен келіссөздер жүргізе бастамақшы

Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевпен келіссөздер жүргізе бастамақшы

Қырғызстан парламентінің жаңадан сайланған депутаттары республика аумағын тастап шыққан президент Асқар Ақаевпен келіссөздер жүргізе бастамақшы. Бұл туралы бүгін, 28-наурызда Қырғызстан парламентінің жаңа төрағасы Өмірбек Текебаев журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Наурыз 2005
  • 421
Фото - Caravan.kz

Ө.Текебаев республикада көп кешікпей бұрынғы мемлекет басшысымен келіссөздер жүргізетін мемлекеттік комиссия құрылатынын атап өтті. «Мұндай кездесуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар және шешім жуырда табылады»,- деді Ө.Текебаев. Парламентшілердің бірінші кезектегі мақсаты — республикадағы ахуалды тұрақтандыру болып табылады,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Қырғызстанның бір палаталы жаңа парламенті заңды деп танылған. Дегенмен бұған дейін Қырғызстан Республикасының Жоғарғы соты жалпыхалықтық ереуілге қатысушылардың қысымымен таяуда сайланған парламент депутаттарын тіркеуге тыйым салған.
Дәл қазір парламент ғимаратының жанында бірнеше жүз адамның қатысуымен митинг өткізілуде. Оған қатысушылар заң шығарушылардың жаңа құрамын тіркемеуді талап етуде. Өйткені, өткен сайлаудағы бұрмалаушылық оқиғалар халықтың ереуілге шығуына түрткі болған.
Парламент ғимаратын құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері мен халық жасақшылары қорғауда. Парламентте түскі үзіліс басталды. Одан кейін депутаттар Құрманбек Бакиевті үкімет басшысы мен ел президентінің міндетін атқарушы ретінде бекіту мәселесін қарайды.

Перейти к новостям спорта