Қырғызстан парламенті депутаттардың Оңтүстік Осетияға баратыны туралы ақпаратты жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті депутаттардың Оңтүстік Осетияға баратыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қырғызстан парламенті депутаттардың Оңтүстік Осетияға баратыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бішкек. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламенті депутаттардың Оңтүстік Осетияға баратыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Тамыз 2008
  • 367
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы қақтығысты шешуде дәнекер болуды ұсыну үшін Қырғызстан парламентінің делегациясы түнделетіп Цхинвалиге ұшқалы жатыр деген ақпарат жалған болып табылады.

«Парламент депутаттары қазіргі уақытта демалыста. Олардың ешқайсысы ресми түрде делегация бола алмайды. Егер де депутаттардың бірі Кавказға барып жатса да, ол жеке сапар сипатында болады», — деп толықтырды парламенттің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар