Қырғызстан парламенті президент сайлауы белгіленген күнді қайтадан өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті президент сайлауы белгіленген күнді қайтадан өзгертті

Қырғызстан парламенті президент сайлауы белгіленген күнді қайтадан өзгертті

Бүгін, 7-сәуірде Қырғызстан парламенті -Жогорку кенеш отырысында депутаттар бұрынғы шақырылым парламентінің президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты шешімін қуатсыз етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Сәуiр 2005
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауын 2005-жылдың қазан айында өткізу жоспарланған болатын. Алайда, республикадағы наурыз айындаы тәртіпсіздіктерден кейін, билік оппозицияның қолына көшіп, Асқар Ақаев елден кеткен соң өткен шақырылым парламентінің жоғарғы палатасы президент сайлауын 2005-жылғы 26-маусымға белгіледі.

Бүгін парламент бұл шешімнің күшін жойды. Сайлау өткізетін күнді парламенттің жаңа құрамы А.Ақаевтың отставкасын қабылдағаннан кейін жариялайды.

Перейти к новостям спорта