Қырғызстан парламенті үкімет басшысының лауазымына Куловтың кандидатурасын қарауда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті үкімет басшысының лауазымына Куловтың кандидатурасын қарауда

Қырғызстан парламенті үкімет басшысының лауазымына Куловтың кандидатурасын қарауда

БІШКЕК. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш үкімет басшысының лауазымына Феликс Куловтың кандидатурасын қарауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2007
  • 386
Фото - Caravan.kz



Ф.Куловтың кандидатурасын депутаттарға Қырғызстан президентінің парламенттегі өкілетті өкілі Әлімбай Сұлтанов таныстырды. Ол халық қалаулыларынан мемлекет басшысының таңдауын қолдауды сұрады.

Ф.Кулов парламент депутаттарының алдында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол үкімет басшысы қызметінде өзінің бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықпен күресетіндігін және ел экономикасының мүддесі үшін қызмет ететінін атап өтті. «2006-жылы біз экономикалық тұрақтылық үшін және республикадағы экономикалық өсімді қолдау үшін жұмыс істедік, алдағы уақытта да осы бағыттарға басымдық беретін боламыз»,- деді ол.

Қазір Ф.Кулов депутаттардың сауалдарына жауап беруде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ф.Кулов басқарған Қырғызстан үкіметі өткен жылдың 19-желтоқсанында толық құрамда өз еркімен отставкаға кету туралы шешім қабылдаған. Республика үкіметі «жаңа реформаларға жол ашу үшін» өз өкілеттілігінен бас тартты. Бірақ Қырғызстан үкіметі жаңа министрлер кабинеті жасақталғаға дейін өз міндеттерін атқаруда.

Ф.Куловтың кандидатурасын Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 16-қаңтарда парламенттің қарауына ұсынған. Кеше, 17-қаңтарда бұл мәселе парламентттің салалық комитетінің отырысында талқыланды.

Перейти к новостям спорта