Заң жобасы үшін 57 депутат дауыс берді. Қырғызстанның жаңа үкіметінің құрылымына 14 министрлік, 5 мемлекекеттік комитет, 12 мемлекеттік агенттік кіреді. Басты жаңалық — энергетика, өнеркәсіп және отын ресурстары министрлігі мен қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылуы болды. Бұған дейін республикада Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі жұмыс істеген.
Үкіметтің жаңа құрылымы бекітілгеннен кейін Қырғызстан үкімет басшысы Әзім Исабековтың мәлімдегеніндей, республика үкіметіндегі алғашқы тағайындаулар бүгін жасалады.
Феликс Кулов басқарған Қырғызстан үкіметі өткен жылдың 19-желтоқсанында өз бетімен отставкаға кетті. Республика үкіметі «жаңа реформаларға жол ашу үшін» деген желеумен қызметтен кеткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті