Қырғызстан парламентінде оппозиция жетекшілерінің билікті күшпен басып алуға дайындық жасағанын дәлелдейтін аудиожазба таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламентінде оппозиция жетекшілерінің билікті күшпен басып алуға дайындық жасағанын дәлелдейтін аудиожазба таныстырылды

Қырғызстан парламентінде оппозиция жетекшілерінің билікті күшпен басып алуға дайындық жасағанын дәлелдейтін аудиожазба таныстырылды

БІШКЕК. 3-қараша. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламентінде оппозиция жетекшілерінің билікті күшпен басып алуға дайындық жасағанын дәлелдейтін аудиожазба таныстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Қараша 2006
  • 390
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертең парламент спикері Марат Сұлтанов осындай аудиожазба бар екенін мәлімдеді. Отырыста жария етілген таспада бірнеше адамның үні, соның ішінде «Реформалар үшін» қозғалысының жетекшілерінің бірі Өмірбек Текебаевтың дауысына ұқсас дауыстар естілген. Әңгіме негізінен қырғыз тілінде болғанымен, парламенттегі журналистерге оның толық жазбаша нұсқасы таратылды.

Отырысқа қатысқан үкімет басшысы Феликс Кулов таспаның кеше кешке Қырғызстанның үкімет үйіне жеткізілгенін хабарлады.

Ол сондай-ақ үкімет тарапынан барлық мемлекеттік нысандардың үзіліссіз жұмыс істеуіне шаралар қолданып жатқанын жеткізді. «Маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс ырғағын бұзуға жол берілмейді»,- деді үкімет басшысы.

Алаңдағы митинг одан әрі жалғасуда. Оған бір мыңдай адам қатысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта