Қырғызстан парламентінде өткен түнде жаңа Конституцияның жобасы үшін қол жинау басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламентінде өткен түнде жаңа Конституцияның жобасы үшін қол жинау басталды

Қырғызстан парламентінде өткен түнде жаңа Конституцияның жобасы үшін қол жинау басталды

БІШКЕК. 7-қараша. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламентінде өткен түнде жаңа Конституцияның жобасы үшін қол жинау басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Қараша 2006
  • 334
Фото - Caravan.kz

Парламенттің шұғыл отырысы дүйсенбі күні 22 сағатта басталды. Оған тек оппозициялық көзқарастағы депутаттар ғана жиналғандықтан, қажетті кворум қалыптаспады. Жаңа Конституцияны қабылдау үшін отырысқа қатысушылар құрылтай жиналысын құрды. Уақыт кеш болғанына қарамастан, парламенттің жанындағы алаңда 3-4 мың адам жиналды.

Отырыс барысында парламентшілер тобы арнаулы шақырылған конституциялық кеңестің былтыр дайындаған Конституциясының жобасын қабылдауға дауыс берді. Құжатқа 34 депутат қол қойды. Бұл Қырғызстандағы заң шығарушылардың жартысына жетпейді. Қол жинау бүгін 12 сағатқа дейін жалғасады. Құрылтай жиналысына қатысушылар Қырғызстан парламентінің ғимаратында түнеп шықты.

Ал республиканың БАҚ-тарында билік алмасқаннан кейін барлық оппозиционерлер иемденеді делінген мемлекеттік лауазымдардың тізімі жария етілді. Құжатқа сәйкес әзірге тек мәдениет министрі мен әділет министрінің лауазымы ғана бос қалыпты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта