Қырғызстан парламентінің экс -спикері есірткі алып өтпек болған жерінен Польшада ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламентінің экс -спикері есірткі алып өтпек болған жерінен   Польшада ұсталды

Қырғызстан парламентінің экс -спикері есірткі алып өтпек болған жерінен Польшада ұсталды

БІШКЕК. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламентінің депутаты, экс-спикер Өмірбек Текебаев Польшада есірткі алып өтпек болған кезінде ұсталды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР СІМ мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 8 Қыркүйек 2006
  • 469
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан республикасының сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Ө.Текебаевты 6 қыркүйек күні Варшава әуежайында шекарашылар ұстаған. Кедендік және шекара бақылауынан өтіп жатқан кезде Текебаевтың жүгінің арасынан, пластик тілмемен оралған 595 грамм есірткі табылған.

Польшада Қырғызстанның елшілігі жоқ болғандықтан құқық қорғаушылар болған оқиға туралы Қырғызстанның Белорусиядағы елшілігіне хабарлаған.

Қазіргі кезде Ө.Текебаев Варшаваның округтік прокурорының қаулысымен 48 сағатқа тергеу абақтысына тоғытылды, оған Польшаға заңсыз есірткі әкелгені үшін айып тағылуда.

ҚР СІМ мәліметіне сәйкес, Ө.Текебаев Польшаға «Крыница-2006» Халықаралық экономикалық форумға қатысу мақсатында келген.

О. Текебаев «Реформалар үшін» оппозициялық қозғалысының жетекшісі. Оның жақтастары болған оқиғаны арнайы қызмет өкілдерінің қасақана жасаған әрекеті деп бағалады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта