Қырғызстан парламентінің жаңадан сайланған депутаттары ант берді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламентінің жаңадан сайланған депутаттары ант берді

Қырғызстан парламентінің жаңадан сайланған депутаттары ант берді

Қырғызстан парламенті -Жогорку кенештің жаңадан сайланған депутаттары ант беріп, алғашқы отырысын өткізді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен. Мәжіліске жаңадан сайланған 69 депутаттың 58-і қатысты.

  • 23 Наурыз 2005
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Жогорку кенештің жаңадан сайланған депутаттары үшін дәл қазіргі басты әрі айрықша маңызды мақсат — республика аумағындағы ішкі саяси тұрақтылықты қалпына келтіру және ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді шайқалтуға жасалған қадамдарға қатаң тосқауыл қою болып табылады»,- деді депутаттарға арнап сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Асқар Ақаев.

А.Ақаевтың айтуынша, сайлау процессі Қырғызстан халқының демократиялық құндылықтарды қолдайтынын паш етті. Президенттің пайымдауынша, сайлаудың алғашқы сатысында депутаттардың небәрі 40 процентінің сайлануы бұған дәлел.
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясынан хабарлауынша, 27 ақпан мен 13-наурызда өткен парламент сайлауының екі турынан кейін 75 депутаттың 69-ы сайланды. Бес сайлау округіндегі сайлау қорытындысы арыз-шағымдар қаралғаннан кейін белгілі болады. №75 Тон округінде бір айдың ішінде сайлау қайтадан өткізілетін болды.
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, жас мөлшері 40-60 жас аралығындағы 69 депутат та жоғары білімі бар адамдар. Жаңа парламент құрамында 57 қырғыз, 3 орыс, 6 өзбек, 1 карачай, 1 башқұрт пен 1 корей ұлты өкілі бар. 21 депутат сайланғанға дейін кәсіпкерлікпен шұғылданса, осынша адам бұрынғы шақырылым депутаттары. 7 адам бұған дейін мемлекеттік қызмет атқарған. Жаңадан сайланған халық қалаулылары арасында үш әйел бар.

Перейти к новостям спорта