Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді

БІШКЕК. 12-маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 5-6-шілдеде мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан сыртқы істер министрі Аликбек Жексенқұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Маусым 2006
  • 391
Фото - Caravan.kz



СІМ-нің айтуынша, Қазақстан — Қ.Бакиев президент болып сайланғаннан бері ресми сапармен барғалы отырған осымен үшінші ел.

“Қырғызстан президенті бірінші мемлекеттік сапармен Ресейге, сосын Қытайға барды, енді міне, үшінші ел –Қазақстанға барғалы отыр”,- деді А.Жексенқұлов.
Қазақстан және Қырғызстан мемлекет басшылары экономикалық ынтымақтастық, еңбек көші-қоны және энергетикалық ресурстарды бірлесіп игеру мәселелерін талқылайды.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2005-жылы 344 млн. долларды құрап, 2004-жылғымен салыстырғанда өсім 8,4 процент болды.

Перейти к новостям спорта