Осыған байланысты баспасөз қызметі 2004 жылдың 14 қазанындағы Қырғызстанның Конституциялық сотының шешімін ескере отырып «Азаматтардың митингтер мен шерулерді бейбіт, қарусыз және еркін өткізу құқығы туралы» қазіргі заң белгілі бір кемшіліктермен қолданылып келгенін атап көрсетті. Ол азаматтардың бұқаралық шаралар бойынша құқықтарын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді және осындай шараларды өткізу тәртібін ретке келтіру бойынша белгілі бір құқықтық олқылықтарға алып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті