Қырғызстан президенті отставкаға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті отставкаға кетті

Қырғызстан президенті отставкаға кетті

5 қазанда парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразылық білдірген азаматтар митинг өткізіп, "Ақ үй" мен ұлттық қауіпсіздік комитетін басып алды

  • 15 Қазан 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

 Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Мемлекет басшысы елдің тыныштығы, халықтың тұтастығы, қоғам бірлігі лауазымнан биік, ал әрбір отандастың өмірі бәрінен қымбат екенін айтты. Ол Жапаровты және басқа саясаткерлерді өз жақтастарын бейбіт түрде таратуға шақырды", – делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Жээнбеков премьер-министр Садыр Жапаровпен кездесіп, оның отставкаға кету мәселесін талқылады.


Айта кетейік, 5 қазанда парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразылық білдірген азаматтар митинг өткізіп, "Ақ үй" мен ұлттық қауіпсіздік комитетін басып алды. Нәтижесінде елде дүрбелең туып, 9 қазанда Жээнбеков елді құқықтық даму жолына түскеннен кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген.

Сооронбай Жээнбеков 2017 жылдың 15 қазанында президент болып сайланып, 24 қарашада қызметіне кірісті. Ол 54,76 пайыз дауысқа ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар