Қырғызстан президенті премьер-министр лауазымына Ауылшаруашылық министрлігінің басшысы Исабековты ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті премьер-министр лауазымына Ауылшаруашылық министрлігінің басшысы Исабековты ұсынды

Қырғызстан президенті премьер-министр лауазымына Ауылшаруашылық министрлігінің басшысы Исабековты ұсынды

БІШКЕК. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев үкімет басышысының лауазымына ауыл, су шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіру министрінің міндетін атқарушы Әзім Исабековты ресми түрде ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Қаңтар 2007
  • 354
Фото - Caravan.kz

Ә. Исабековтың кандидатурасын Қырғызстан парламенті дүйсенбі, 29-қаңтар күні қарауды жоспарлап отыр.

Ә. Исабеков қазіргі уақытта Қырғызстан Республикасының ауыл, су шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіру министрінің міндетін атқарады.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ф.Куловтың басқарған Қырғызстан Республикасының министрлер кабинетінің өз еркімен отставкаға кетуі туралы шешім өткен жылдың 19-желтоқсанында қабылданған болатын. Республиканың үкіметі «жаңаша реформаға жол ашуға тиіспіз» деген. Бірақ, Қырғызстан үкіметінің барлық құрамы жаңа министрлер кабинетін тағайындалғанша өз міндеттерін атқаруға қалған болатын.

18-қаңтарда Қ.Бакиев парламент қарауына Ф. Куловтың кандидатурасын екі рет ұсынған болатын, бірақ ол өзін қолдайтын 38 депутаттың дауысын жинай алмаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта