Қырғызстан президенті ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті ресми сапармен елімізге келеді

Қырғызстан президенті ресми сапармен елімізге келеді

25-26-желтоқсанда Қырғызстан президенті Асқар Ақаев ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 331
Фото - Caravan.kz

25-желтоқсанда Астанадағы президент сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Асқар Ақаевтың жеке кездесуі, одан кейін екі жақ өкілдерінің кеңейтілген құрамдағы жүздесуі жоспарланған. Кездесуде бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Сол күні Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасы өтеді. Сондай-ақ, Асқар Ақаев Елордасының дипломатиялық қалашығындағы Қырғызстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ашылу рәсіміне қатысады.
26-желтоқсан, жұмада Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Қырғыз мемлекеттілігі және «Манас» халық эпосы» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.
Қырғызстан президентінің ресми сапары Астана әуежайындағы ресми шығарып салу шарасымен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар