Қырғызстан президенті республиканың жаңа министрлер кабинетін жасақтауда - kaz.caravan.kz
  • $ 508.91
  • 594.36
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті республиканың жаңа министрлер кабинетін жасақтауда

Қырғызстан президенті республиканың жаңа министрлер кабинетін жасақтауда

БІШКЕК. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев республика үкіметің құрамындағы жаңа тағайындаулар туралы кезекті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Ақпан 2007
  • 485
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, денсаулық сақтау министрі болып

Шайлообек Ниязов тағайындалды. Ол Феликс Кулов үкіметінде осы лауазымды иемденген. Акылбек Жапаров қаржы министрі қалпында қалса, мәдениет және ақпарат министрі — Султан Раев, Қырғызстанның мемлекеттік кедендік комитетінің төрағасы болып Салайдин Айдаров, мемлекеттік денешынықтыру және спорт, жастар ісі және балаларды қорғау агенттігінің директоры болып Бектур Асанов тағайындалды.

Қырғызстанның білім және ғылым министрі болып Каныбек Осмоналиев тағайындалды, ол бұған дейін білім беру, ғылым және жастар саясаты жөніндегі министрдің орынбасары болған.

Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттіктің басшысы болып Турусбек Мамашов бекітілді, Ф. Кулов үкіметінде ол Қырғызстанның өнеркәсіп, сауда және туризм вице-министрі болған. Токтобек Акматов алым-салықтар жөніндегі мемлекеттік комитетті басқаратын болды. Бұған дейін ол Қырғызстан үкіметінің жанындағы мемлекеттік салық инспекциясының директоры орынтағында отырған.

Сыртқы істер, төтенше жағдайлар, энергетика және отын ресурстары, экономикалық даму және сауда, ауылшаруашылығы, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлерінің лауазымдарын әзірге ешкім иемденген жоқ.

Қырғызстанның жаңа үкіметінің құрылымына 14 министрлік, 5 мемлекеттік комитет, 12 мемлекеттік агенттік кіреді. Феликс Кулов басқарған Қырғызстан үкіметі өткен жылдың 19-желтоқсанында өз бетімен отставкаға кетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті