Қырғызстан президенті тікелей эфирде азаматтардың сауалдарына жауап береді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті тікелей эфирде азаматтардың сауалдарына жауап береді

Қырғызстан президенті тікелей эфирде азаматтардың сауалдарына жауап береді

2004-жылдың 25 және 26-желтоқсанында Қырғызстанда президент Асқар Ақаевтың қатысуымен ұлттық тікелей телевизиялық эфир жұмыс істейді.

  • 24 Желтоқсан 2004
  • 343
Фото - Caravan.kz

KZ-today ақпараттық агенттігінің Бішкектегі тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, А.Ақаев азаматтар сауалына 25-желтоқсанда орыс, 26-желтоқсанда қырғыз тілінде жауап береді. Тікелей эфир ұлттық телерадиохабарлары корпорациясы арнасында өткізіледі.

Қырғызстанда қырғыз тілі мемлекеттік, ал орыс тілі — ресми тіл деген мәртебеге ие болуға байланысты президент екі тілде сөйлемек.
Қырғызстан мемлекет басшысымен интерактивті сұхбатқа республиканың әрбір азаматы қатыса алады. Тұрғындардың сауалдары пошта, телефон немесе электронды пошта арқылы алдын-ала қабылдануда.
Мемлекет басшысының әкімшілігі президентке сауал жолдайтын әрбір азаматтан аты-жөні, мекенжайы, жұмыс орны мен телефон санын көрсетуді өтінеді.

Перейти к новостям спорта