Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстан Республикасы президентінің мерзімінен бұрын өткізілетін сайлауына дайындық және оны өткізуге РФ және Қазақстан қалаларына арнап 1 млн. 140 мың сом бөлінді. Қазақстан мен Ресейде құрылған учаскелік сайлау комиссияларының өкілдерін оқытуға 437 мың сом жұмсалды.
Қырғызстан СІМ-нің көші-қон қызметі департаментінің ақпаратына сәйкес, Қазақтанда қырғызстаннан келген 80 мыңдаай еңбек мигранттары бар. Алайда олардың басым бөлігі ішкі істер мекемелерінде тиісті тіркеуден өтпейді. Осыған байланысты олар президент сайлауына қатыса алмайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауы 10-шілдеге белгіленген.
1$=41 сом