Қырғызстан президентінің ұлы туристерді шекарадан өзі қарсы алып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президентінің ұлы туристерді шекарадан өзі қарсы алып жатыр

Қырғызстан президентінің ұлы туристерді шекарадан өзі қарсы алып жатыр

Дегенмен қырғыз билігі елдегі жағдай тып-тыныш деп, былтырғы төңкерістен бері қиюы қашқан Ыстықкөлге туристерді шақырып әлек. Тіпті келушілерді шекараға барып президенттің ұлы өзі қарсы алды. Қасында әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың қызы бар. Осылайша танымал тұлғалардың балалары Ыстықкөлге демалушыларды көбірек тартпақ ниетте.

  • 19 Шiлде 2011
  • 586
Фото - Caravan.kz

Бұл Роза Отунбаеваның ұлы Атайдың көпшілік алдына алғаш рет шығуы. Жасы 28-ге келген ол Қырғыздың алдыңғы президенттерінің ұл-қыздарындай биліктің, бизнестің тұтқасын ұстамайды. Тек жарнама саласында еңбек етіп жүр. Көпшілікке көріне бермеуі де сондықтан. Ал жазушы Шыңғыс Айтматовтың қызы әрі Жогорку Кенеш депутаты Шырын үшін мұндай қоғамдық жұмыс үйреншікті нәрсе. Танымал тұлғалардың балалары бірігіп, елге турист тартумен айналысуда. Шекарада демалушыларға Ыстықкөл облысының картасы таратылды. Онда жол-жөнекей асханалар, жанармай бекеттері мен жол полициясының бөлімшелері белгіленген.  

Гүлнәр Құсайынова, Қазақстандық турист: 

-Біз ойладық Ыстықкөлден келіп, әдейі жарнама жүргізіп жатыр екен деп. Бір-бір қағазын алдық. Өзіміз де барайын деп жүргенбіз. Сіздер айтпасаңыздар, біз тіпті президенттің баласының іс-шарасы екенін түсінбей де қалдық.


Светлана Файзуллина, Қазақстандық турист: 

-Шынымды айтсам қорықтым. Қырғызстанда анау екен, мынау екен деген әңгімелер көп.

Президенттің ұлы мен Парламент депутаты осы шараны өткізіп жатқанда Қордай кеден бекеті әдеттегіден жылдамырақ жұмыс істеп жатқандай. Дорбаларын сүйреткен саудагерлер тұрмақ, мұнда ұзын-сонар кезек те жоқ. 

Атай Садыбақасов, Қырғызстан Президентінің ұлы:

-Әрқайсымыз туризмді дамыту үшін қолымыздан келгенді істеп жатырмыз. Еліміз тыныш, сондықтан Ыстықкөлде демалыс маусымы қауіпсіз өтетіндігін демалушыларға жеткізуіміз керек.

Шараның мұндай ұйымдастырушылары тұрғанда, нәтижесі де жаман болмауы тиіс еді. Бірақ сол шекара асқандар арасынан бас шайқап, таңдай қаққандарды көрмедік. Қырғыздың жол сақшыларына көрсетем деп президентің ұлынан қолтаңба алып жатқандары болмаса.