Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстанның қоғамдық ұйымдары қарияларға қолдау көрсету үшін біріге бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстанның қоғамдық ұйымдары қарияларға қолдау көрсету үшін біріге бастады

Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстанның қоғамдық ұйымдары қарияларға қолдау көрсету үшін біріге бастады

Қырғызстан республикалардағы қарттардың өмір сапасын жақсарту үшін қоғамдық ұйымдардың Орталық Азия аймақтық желісін құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлады.

  • 5 Наурыз 2005
  • 546
Фото - Caravan.kz

Ұйымдардың халықаралық желісін құру туралы идеяны республиканың еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Қырғызстанның «Қарттарға арналған ресурс орталығы» атты үкіметтік емес ұйымы мен «ХэлпЭйдж Интернешнл» халықаралық донорлық агенттігі ортаға тастады.

Қырғызстанда бұл идея мемлекеттік құрылымдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, ал Қазақстан мен Тәжікстанда осы елдердің бейресми ұйымдарының қолдауына ие болды.
Жобаға қатысушылар қарттарға қолұшын берудің біртұтас стратегиясын жобалауға тиіс. Осы мақсатпен әр республикадағы қариялардың құқықтық мүмкіндіктері туралы ақпараттық бюллетеньдер шығару, айрықша мұқтаж адамдарды тегін тамақтандыру шарасын ұйымдастыру, ақысыз әлеуметтік көмек жүйесін құру көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта