Қырғызстан Қазақстаннан шекараны ашуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Қазақстаннан шекараны ашуды сұрады

Қырғызстан Қазақстаннан шекараны ашуды сұрады

Бішкекте Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің басшысы мен Қазақстан төтенше және өкілетті елшісінің кездесуі өтті

  • 13 Тамыз 2021
  • 75
Фото - Caravan.kz

 Бішкекте Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Рәпіл Жошыбаевпен кездесті, деп хабарлады Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігінің сайты.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қырғыз тарапы Қырғызстан азаматтары шекарадан емін-еркін өтіп, екі елдің аумағы арқылы тауар тасымалдай алуы үшін олардың Қазақстанға кіруіне шектеу шараларын мүмкіндігінше тезірек алып тастау қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Министр Қазақбаев коронавируспен күрес кезінде Қазақстан тарапы көрсеткен гуманитарлық көмекке ризашылығын білдірді.


Ал Рәпіл Жошыбаев Қазақстан бауырлас елге күздік бидайдың 1000 тонна жоғары өнімді тұқымын беруге ниетті екенін айтты.

Сұхбаттасушылар сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыруға, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға назар аударды, келесі жылы қырғыз-қазақ қарым-қатынасы орнағанына 30 жыл толуын бірлесіп тойлау мәселелерін талқылады.

 

Соңғы жаңалықтар