Қырғызстан Қазақстаннан жіберілген бидайға қатаң бақылау қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Қазақстаннан жіберілген бидайға қатаң бақылау қойды

Қырғызстан Қазақстаннан жіберілген бидайға қатаң бақылау қойды

Қырғызстан үкіметі Қазақстаннан қайырымдылық көмек ретінде жіберілген бидайдың жеткізіліп таратылу барысын қатаң бақылауға алды. KZ-today тілшісіне Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, осындай бұйрыққа Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы әрі үкімет басшысы Құрманбек Бакиев қол қойды.

  • 11 Мамыр 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Қол қойылған бұйрыққа сәйкес, Қырғызстан үкіметінің жанындағы мемлекеттік және материалдық резервтер жөніндегі мемлекеттік комиссияға Қазақстан Республикасынан қайырымдылық көмек ретінде 1 мың тонна бидай алу туралы «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ-мен келісім-шартқа қол қоюға тапсырма берілді.

Мемлекеттік резервтен бидай тек Қырғызстан президенті мен үкіметінің шешімдері негізінде ғана босатылады. Қазақстаннан жеткізілген бидайдан кедендік баж салықтары, алымдар, вагондарда тұрып қалғаны үшін салынатын айыппұл, сақтау төлемі, сертификаттау тәрізді басқа да төлемдер алынбайды.

Перейти к новостям спорта