Қырғызстан: Қ.Бәкиевтің қаражатына қатысты тағы шу шықты
|
Қырғызстанда Құрманбек Бәкиевтің қаражатына қатысты тағы шу шықты. Үкімет пен Парламенттегілер бұрынғы президенттің коммерциялық банктердің біріндегі есеп-шотынан тәркіленіп, мемлекетке қайтарылған 20 млн доллардың есебін таба алмай жүр.
Жуырда ғаламторда банктің бақылау камерасы түсіріп алған бейнекөрініс пайда болды. Ол жерде қаржы полициясы қызметкерінің Бәкиевтің ұяшығындағы ақшаны өз қалтасына салып жатқаны көрсетілген. Сондай-ақ қырғыз Парламентінің депутаттары есеп-шотта 20 млн доллар емес, одан 5 есе көп ақша болу керектігін айтуда. Сондықтан олар қалған ақшаның қайда кеткенін Үкіметтен сұрады. Ал үкіметтегілер Бәкиевтің есеп-шотында 20 миллион доллар ғана болған деп айтуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін