Қырғызстан Ресей жалға алып отырған полигонды Үндістанға беруге қарсы емес
Қырғызстанның Үкіметі Ыстық көлде торпеданы сынау үшін полигонды жалға алу жөнінде Үндістанның ұсынысын қарастыруы мүмкін. |
Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиев Үкіметтің 100 күндік жұмысының қорытындысын шығару бойынша Бішкекте өткен баспасөз конференцияда мәлім етті, деп хабарлады Росбалт.
Ол атап өткендей, Қырғызстанға бұл жөнінде ресми ұсыныстар түспеген.
«Егерде мұндай ұсыныстар түсіп жатса, біз оны қарастыратын боламыз», - деді Сатыбалдиев.
Бұған дейін Бішкектегі Үндістан өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарланғандай, Қырғызстандағы, атап айтқанда Ыстық көлдегі полигон (сынақ алаңы) алдағы он жыл ішінде Үндістанға жалға берілуі мүмкін. Айта кетейік, қазіргі оны Ресей жалға алып, «Шквал» су асты жылдам зымыран-торпедасын сынауда. Дереккөздердің мәліметтеріне қарағанда, полигон 2013 жылы Үндістанға жалға берілуі мүмкін.
Сондай-ақ Ресей Қырғызстанда бірнеше әскери нысанды жалға алып отыр. Ресей бұл нысандар үшін Қырғызстанға жылына 4,5 млн. доллар қаржы төлейді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін