Қырғызстан республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҰҚКҰ көмегіне арқа сүйеп отыр - Атамбаев
Ауғанстаннан коалициялық күштер және республикадан америкалық транзиттік орталық шығарылған соң Қырғызстан армиясын қайта құрып, сыртқы шекарасын нығайтуды жоспарлауда, деп мәлімдеді республика президенті Алмазбек Атамбаев. |
"2014 жылға қарай біз армиямызды қайта қаруландырып, шекаралық қызметімізді және сыртқы шекараларымызды күшейтуге тиіспіз", деді А.Атамбаев дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.
"Бізге жалғыз қиын болады, бұл мәселеде Қырғызстан ҰҚКҰ көмегіне арқа сүйеп отыр", деді президент.
"Біз Кеден одағына енгіміз келеді, сонда КО бірге ортақ сыртқы шекарамыз болады", деді А.Атамбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін