Қырғызстан Республикасының Жоғарғы соты Феликс Куловты ақтап алу жөніндегі істі қарауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Республикасының Жоғарғы соты Феликс Куловты ақтап алу жөніндегі істі қарауға кірісті

Қырғызстан Республикасының Жоғарғы соты Феликс Куловты ақтап алу жөніндегі істі қарауға кірісті

Бүгін, 6-сәуірде Қырғызстан Республикасының Жоғарғы соты Феликс Куловты ақтап алу жөніндегі істі қарауға кірісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен.

  • 6 Сәуiр 2005
  • 373
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Республикасының Жоғарғы сотынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, шешім шығару мерзімі бір емес бірнеше күнге созылмақшы. Ф.Куловтың өзі болса, егер Жоғарғы сот оны ақтау туралы шешім шығарса, 26-маусымға белгіленген Қырғызстан президентінің сайлауына үміткер ретінде қатысатынын мәлімдеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ф.Кулов бүкілхалықтық наразылық шараларына қатысушылардың талабы бойынша 24-наурызда қамаудан босатылған болатын. Республиканың жаңа басшылығы оны Қырғызстан күш құрылымдарының үйлестірушісі етіп тағайындады. Ф.Куловтың арқасында құқық қорғау мекемелері мен халық жасақтары күш біріктіріп, Бішкектегі тонаушылық оқиғаларына тосқауыл қоя білді.
Ф.Кулов 90-шы жалдардың басында республика ІІМ-ін басқарған. Кейінірек Қырғызстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жетекшілік жасады. 1999-жылы ол лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін сотталды. Ф.Кулов 2005-жылдың қараша айында қамаудан босатылуы тиіс болатын.
Ф.Куловты қамаудан босату туралы талаппен Бішкекте бес жыл бойы бірнеше мәрте пикеттер ұйымдастырылды. Оппозиция өкілдері Ф.Куловты президент сайлауына қатыстырмау үшін оның үстінен жалған қылмыстық іс қозғалған деп санайды.

Перейти к новостям спорта