Жарияланды: 510

Қырғызстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің азық-түлік қауіпсіздігінің стратегиясын жасау қажет деген пікірде

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің азық-түлік қауіпсіздігінің стратегиясын жасау қажет деген пікірде. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында Қырғызстан үкімет басшысы Игорь Чудинов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, осы мақсатта "Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты кеңесін құрып, осы кеңестің аясында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің ортақ аграрлық рыногы туралы келісімнің жобасын жасау қажет". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін