Қырғызстан шекаралық ынтымақтастық орталықтарын құру туралы Қазақстанмен арадағы негіздемелік келісімнің жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан шекаралық ынтымақтастық орталықтарын құру туралы Қазақстанмен арадағы негіздемелік келісімнің жобасын мақұлдады

Қырғызстан шекаралық ынтымақтастық орталықтарын құру туралы Қазақстанмен арадағы негіздемелік келісімнің жобасын мақұлдады

БІШКЕК. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қырғызстан үкіметі "Аухатты - Кен-Булун"және "Айша-биби - Чон-Капка" атты халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталықтарын құру туралы Қазақстанмен арадағы негіздемелік келісімнің жобасын мақұлдады. Осы жөніндегі қаулыға бүгін Қырғызстан үкімет басшысы Феликс Кулов қол қойды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Бұл шешім Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар саласындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету, екі елдің шекаралас аумақтарында шекаралық сауда-саттықты дамыту мақсатымен қабылданды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Аухатты — Кен-Булун» орталығы Қазақстанның Жамбыл облысы Қордай ауданы мен Қырғызстанның Чуй облысы Ысық-Ата ауданының шекарасында, ал «Айша-биби — Чон-Капка» орталығы Қазақстанның Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мен Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданының шекарасында ашылады деп межеленген.

Орталықтардың қазақстандық және қырғызстандық бөліктерін салып игеру жұмыстарын екі елдің ұлттық заңнамаларына сәйкес анықталған мүдделі ұйымдар жүзеге асырады. Орталықтағы кез-келген шаруашылық жұмыстар сол мемлекеттің ұлттық заңнамасында қарастырылған талаптарға сәйкес іске асырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта