Қырғызстан шекарасынан өткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік төлқұжат көрсетуге тиіс емес - Қырғызстан Республикасының Алматыдағы бас консулы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан шекарасынан өткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік төлқұжат көрсетуге тиіс емес - Қырғызстан Республикасының Алматыдағы бас консулы

Қырғызстан шекарасынан өткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік төлқұжат көрсетуге тиіс емес - Қырғызстан Республикасының Алматыдағы бас консулы

Қырғызстан шекарасынан өткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік төлқұжат емес, жеке куәліктерін көрсетуге тиіс.

  • 6 Маусым 2003
  • 706
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасының Алматыдағы бас консулы, Төтенше және өкілетті елші Сұлтан Закиров хабарлады.

Бас консул еліміздің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген «Қырғызстан шекарасынан өткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік төлқұжат көрсететін болды»,- деген ақпаратты жоққа шығарды.
С.Закиров Еуразиялық Экономиалық Қоғамдастық аясында Қазақстан мен Қырғызстан арасында азаматтардың өзара визасыз қатынауы туралы Келісім бар екенін атап көрсетті.
Осы келісімнің 2-бабына сәйкес екі ел азаматтары өзара бір-біріне қатынаған, елдер аумағын транзитті басып өткен немесе ел аумағында болған жағдайда екі түрлі заңды құжаттың бірін, соның ішінде жеке куәлігін көрсетуге құқылы.
«Қырғызстанның шекара қызметтері бұдан басқа қандай да бір құжат талап етуге қақысы жоқ» ,- деп шегеледі С.Закиров.
Сонымен бірге, Қырғызстан Республикасының консулдық қызметінен хабарлағанындай, азаматтар Ыстықкөл дауажай аймағына кіре берісте баж салығын төлеуге тиіс. Ал автокөліктердің өтуіне жол ашатын экологиялық алым 10 долларды құрайды. Аталмыш төлемдер Ыстықкөлдің инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады.
Бұлардан басқа ешбір алым-салық түрі қарастырылмаған деп хабарлады консулдық қызмет.