Қырғызстан ТМД антитеррорлық орталығының республика аумағында орналасу шарттары туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан ТМД антитеррорлық орталығының республика аумағында орналасу шарттары туралы  келісімді бекітті

Қырғызстан ТМД антитеррорлық орталығының республика аумағында орналасу шарттары туралы келісімді бекітті

Қырғызстан президенті Асқар Ақаев "ТМД антитеррорлық орталығының Орталық Азия аймақтық бөлімшесін Қырғызстан аумағында орналастыру шарттары туралы Қырғызстан Республикасы үкіметі мен ТМД антитеррорлық орталығы арасындағы 2003-жылғы 18-қыркүйекте Ялтада қол қойылған келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Наурыз 2005
  • 703
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң орталықтың Орта Азия аймақтық бөлімшесін Қырғызстан аумағында орналастырудың құқықтық мәселелерін айқындайды.

ТМД-ға қатысушы елдердің антитеррорлық орталығы 2000-жылдың 20-маусымында құрылған. Ол Достастық елдерінің 11 арнаулы қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Орталық өзара шұғыл ақпараттар алмасу, бірлескен ауқымды оперативтік-тактикалық оқу-жаттығуларды жүзеге асыру үшін құрылған.
«Юг-антитеррор» атты алғашқы жаттығулар Қырғызстанның Ош облысында 2001-жылдың сәуір айында өткізілді. Осындай жаттығулар 2005-жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанда өтеді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта