Қырғызстан тонаушылықтан зардап шеккен коммерциялық кәсіпорындарға көмек көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан тонаушылықтан зардап шеккен коммерциялық кәсіпорындарға көмек көрсетеді

Қырғызстан тонаушылықтан зардап шеккен коммерциялық кәсіпорындарға көмек көрсетеді

Қырғызстан үкіметі тонаушылықтан зардап шеккен коммерциялық кәсіпорындарға көмек көрсетеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы экономикалық даму, өнеркәсіп және сауда министрлігінен хабарлады.

  • 30 Наурыз 2005
  • 469
Фото - Caravan.kz

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, тонаушылықтан зардап шеккен кәсіпкерлердің несиелерді қайтару мерзімін қайта қарау туралы республиканың коммерциялық банктерімен келісімге қол жеткізілді.

Шығын көлемін шынайы анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылмақшы. Ол шығындардың орнын толықтырудың біртұтас тетігін ойластырады. Бүгінде зардап шеккен кәсіпкерлер үшін салық заңнамасын жеңілдету мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.
Президенттің міндетін атқарушы әрі республика үкімет басшысы Құрманбек Бакиев үкіметтің тек шағын кәсіпкерлік өкілдеріне өтемақы төлеуге дайын екенін мәлімдеген-тұғын. «Шағын кәсіпкерлік саласымен салыстырғанда ірі нысандардың күрделі жағдайдан шығуға мүмкіндіктері мол»,- дейді Қ.Бакиев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 70 ірі шетелдік және Қырғызстандық инвесторлар мүше болып табылатын Халықаралық іскерлік кеңестің бағалауынша, Бішкектегі коммерциялық кәсіпорындардың 24-25-наурызда тонаушылық салдарынан шеккен шығын көлемі алдын-ала 100 млн. долларды құрайды.

Перейти к новостям спорта