Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін азайтуға міндеттеме алды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін азайтуға міндеттеме алды

Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін азайтуға міндеттеме алды

Қазақстандағы Шардара су қоймасына таяу аумақтарды су алып кетуіне жол бермеу үшін Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін азайтуға міндеттеме алды. Ал Қазақстан өз тарапынан Қырғызстанға сатылатын табиғи газ мөлшерін арттыру мүмкіндігін қарастыратын болды. 7-ақпан, дүйсенбіде Бішкекте өткен келіссөздер барысында екі елдің үкіметтік өкілдері осындай мәмілеге келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Ақпан 2005
  • 660
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хаабрлағанымыздай, Қазақстан үкіметінің өкілдері Шардара су қоймасындағы ахуалды талқылау үшін Бішкекке келді. 12 адамнан құралған өкілдерді ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник басқарды.

7-ақпанда өткен алғашқы келіссөздер барысында В.Школьник Қырғызстан өкілдеріне Шардара су қоймасындағы ахуал туралы таныстырды. Ол Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасынан келетін су көлемінің артуына байланысты Шардара су қоймасына таяу жатқан өлкелерді топан су басу қаупі төнгенін атап өтті.
Егерде келетін су көлемі қысқармайтын болса, алдағы 6 күнде Шардарадағы су көлемі 5 млрд. текше метрлік шарықтау шегіне жетеді, деді В.Школьник.
Өзара келісімге сәйкес, су көлемі секундына 600 текше метрден аспауы тиіс екеніне қарамастан, Қырғызстандық энергетиктер Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін секундына 740 текше метрді құрағанын мойындады. Олар республикада күн райы шұғыл суытуға байланысты тұтынылатын электр қуатының мөлшері 30 процентке артқандықтан осындай шараға баруға мәжбүр болдық деп мәлімдеді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар хаттамаға қол қойып, соған сәйкес Қырғызстан жағы Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін секундына 650 текше метрге дейін азайтуға міндеттеме жүктеді. 7-ақпан күні кешке Қазақстанның үкіметтік өкілдері аталмыш тауқыметті Өзбекстандық әріптестерімен талқылау үшін Ташкентке аттанып кетті. Қазақстан Шардара су қоймасынан Өзбекстандағы Арнасай ойпатына құйылатын су көлемін көбейту жөнінде келісімге келуден үмітті.

Перейти к новостям спорта