Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, оқиға туралы ақпарат келіп түсе салысымен абақтыға ішкі әскерлер мен арнаулы бөлімдер жіберілді. Ереуілшілер Қырғызстан үкімет басшысымен келіссөздер жүргізуді талап етуге байланысты жеке оққағарларымен бірге түрме аумағына енген ол екі сағаттан астам сонда болды. Осы уақытта күш құрылымдарының жетекшілері абақтының сыртында келіссөздердің аяқталуын күтті.
«Кездесудің нәтижесінде қамаудағылар қаруларын қайтаруға, қаза тапқандардың мәйіті мен жараланғандарды құқық қорғау мекемелеріне беруге келісті»,- деп хабарлайды Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «қамаудағылардың бейресми жетекшілері басқа абақтыларға ереуілдер мен басқа да наразылық шараларынан бас тарту туралы хабар таратты».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бейсенбі күні №31 қатаң тәртіпті түзету колониясында Қырғызстан парламентінің депутаты Тынычбек Акматбаев, оның көмекшісі мен оққағары оққа ұшты. Ал Қырғызстан Республикасы жазаны атқару жөніндегі бас басқармасының бастығы Икматулла Полотов қатты жараланған. Қазір ол әл үстінде ауруханада жатыр.
Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметінің алдын-ала ақпаратына сәйкес, депутат Т.Акматбаев №31 абақтыға қамаудағылардың ахуалымен танысу үшін келген көрінеді. Депутат сол күні №3 абақтыда да болған.
Құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, №31 абақтының қызметкерлері Т.Акматбаевтан түзету мекемесіне кіруден бас тартуға кеңес берген. Өйткені қазір депутаттың туған ағасы Рысбек Акматбевпен қырғиқабақ қарым-қатынастағы қылмыскерлер әлемінің танымал серкесі Әзиз Батукаев осы абақтыда жазасын өтеп жатыр.
Депутат Т.Акматбаев парламенттің құқық қорғау мекемелері және қауіпсіздік жөніндегі комитетін басқарған. Ол сөйтіп биылғы жаздан бері кісі қолынан қаза тапқан үшінші депутатқа саналды. Маусым айында Бішкек қаласының орталығында депутат Жырғалбек Сұрабалдиев, ал қыркүйекте депутат Баяман Эркинбаев оққа ұшқан болатын.
Т.Акматбаевтың мәйіті бүгін оның туған жері Ыстықкөл облысына жіберілді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті